Қымбатты Өскемен қаласының тұрғындары!

Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні мерекесіне (15 наурыздың) байланысты ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы (ары қарай басқарма) Өскемен қаласы тұрғындарының арасында «ЖЫЛ ТҰТЫНУШЫСЫ!» атты қалалық БАЙҚАУ өткізеді.

Байқауға қатысу үшін қатысушы Басқармаға өзінің тұтынушыларды қорғаудағы тұтынушы құқығының жеңісі туралы құжаттармен дәлелденген тарихын жолдайды, байқауға қатысушының карточкасын толтырады, өзі туралы толық деректерін көрсетеді және байқау шарттарымен келіскені туралы келісімін береді.

Байқау 2017 жылдың 13 ақпанынан 06 наурызы аралығында өткізіледі.

- 13 ақпаннан 06 наурыз аралығында www.region-press.kz сайтында және Басқармада қатысушылардың өтініштерін және даулы мәселелердің сәтті шешілгендігін растайтын құжаттарын қабылдау жүргізіледі.

- 06 наурыздан 15 наурыз аралығында Басқарма қорытынды шешімін шығарады: басқармаға ұсынылған мәліметтер оқылып, бағаланады, жеңімпаз анықталады және басқарманың сыйлығымен марапатталады.

Байқауға  Өскемен қаласының келесі тұрғындары қатыса алады:     

1) Кәмелеттік жасқа толған (18 жас);

2) 2016 -2017 жылғы тұтынушылық даудың шешімі расталған құжаттары бар (сот шешімі, өзара келісімге келу шешімі, өтінішке жауаптар, сотқа дейіңгі наразылық және т.б.) және мәлімделген талаптарды нақты орындағандар.

Барлық сұрақтар бойынша комиссия хатшысына хабарласыңыздар: Өскемен қ-сы, Астана к-сі, 16/1-үй, 9-каб, байланыс тел.:76-50-33 (тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі)

Ереже

Комментарии (0)