• Новости
    • Регион
    • Страна и мир
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
  • Блоги
  • astro-prostor
  • Афиша
  • Маркет
man style
woman day
wow
traditional

Мені үйге шығарып салған жан

Ең романтикалық кешім ең романтикалық емес жағдайда орын алды. Бірде жұмыстан жайырақ шықтым. Сағат  түнгі тоғыз. Дала сақылдаған аяз. Үйім жұмыстан төрт шақырым жерде, астымда көлігім де жоқ. Сөйтіп тұрғанда жанымда жұмыс істейтін әріптесім мені шығарып салуды ұсынды. Оның да көлігі жоқ екенін білемін. Бірақ жалғыз жүргенше, жаныңда серігің болған жақсы емес пе? Келісе кеттім. Бірақ біз жолда әңгімелесуге де жарамадық аяз 38 градусқа жетіп тұр екен. Аузыңды ашсаң, тісің қақсайды. Үйге жеткенде, қас-қабағымызға қырау тұрып, екі бетімізді аяз шымшылап тұрған болатын. Менің әке-шешем әріптес жігітті қайта жібермей, үйде алып қалды. Көкпекңбек болып тоңған жігітті бек аяды, білем. Сол күннен бастап, біздің көңіліміз жарасып, ақыры, үйленіп тындық. Қазір үш баламыз бар.

***

Біздің жақта бір тентектеу жігіт бар болатын. Атағы жаман болған соң, араласпаушы едім. Бірде дискотекадан қайтып келе жатып едім, бір машинатоқтап: «Қарындас, отыр, үйге жеткізіп саламыз» деді. Ештеңе ойламастан, отыра салдым. Сонда не деген ақымақ екенімді, қазір ойласам, жаным түршігеді. Машинада үш жігіт отыр. Біреуі әлгі, тентек танысым екен. Ол жарты жолда машинаны тоқтатып, мені түсірді де: «Әрі қарай өзімшығарып саламын»,- деді. Қалған жолды жаяу жүрдік. Ол жол бойы маған ұрсумен болды. «Неге бейтаныс адамның көлігіне отырасың! Жалғыз неге жүресің!» - деп сөйледі. Үйдің жанына келген соң екеуміз таң ағарғанша әңгімелесіп отырдық. Сол кезден бастап екеуміз жақын дос болып кеттік. Ал кейбіреулер ер адам мен әйел достығына сенбейді.

 

***

Жоғары сыныптарда оқып жүргенде, менің үйім мектептен ең алыс орналасқан болатын. Сол үшін мені сабақтан кейін бір де бір рет ер балалар шығарып салып көрген жоқ. Есесіне Лаура есімді құрбым әркез үйіме дейін апарып тастайтын. Қайда барсақ та, мені үйге апарып, кіргізіп, өз үйіне содан кейін бірақ кететін. Сол құрбыма алғысым шексіз. «СЕн нәзіксің. Біреу тиіссе, қашып та кете алмайсың»,- дейтін сонда маған.

 

***

Студенттік шақ. Бірде сабақтан шығып, үйге қайтайын десем, жолға алған ақшамды жоғалтып алыппын. Үйіп оқу корпусынан өте алыс. Не істеймін? Амал жоқ, жаяу аттандым. Біраздан кейін артымнан курстас дос қуып жетті. Бірге оқысақ да, әңгімелесе бермейтінбіз. Осы жолы жақын таныстық. Ол спортпен айналысады екен. Өзі мен жақта тұрса да, сабаққа жаяу барып, жаяу қайтуды әдетіне айналдырыпты. Менің жаяу кетіп бара жатқаныма таң қалды. «Өлімнен ұят күшті» демекші, мен оған не себепті жаяу бара жатқанымды айтпадым. «Үйге дейін жаяу барсам, қанша жүретінімді білгім келді», - деп романтикаға толы өтірікті соға салдым. Екеуміз үйге едйін 45 минут жүрдік. Ол жалғыз жүрсе, жиырма бес минутта жетеді екен.  Аяғым үйкеліп, қатты шаршасам да, жаңа дос таптым. Содан бері сабаққа жиі жаяу баратын болдым.

 

***

Сайлау кезі. Жұмыстан түнгі бірде шықтым.  Үйім жұмысқа жақын болса да, қараңғыда біраз қорқып, бара жатыр едім, алдымнан бір жігіт шықты. Бір орнында дұрыс тұра алмағанына қарағанда, мас-ау деп ойладым. «Қарындас, орталық ана жақта ма, мына жақта ма?» - деп сұрағанына қарағанда, қатты мас! Мен үндемей, аяғымды тез-тез басып, келе жатырмын. Ол да әңгімесін айтып, қалар емес. Бір кезде алдымыздан 4-5 адам шықты. Қорыққаным соншалық, жылап жіберуге таяп тұрмын. Олар маған таяғанда, жас қыз екенімді көріп, әңгімелескісі келді. Тоқсаныншы жылдар. Екінің бірі қылмыскер. Қайтып құтылсам екен, жүгірсем, жетіп алар-ау деп тұрмын. Сол кезде артымнан еріп келе жатқан жігіт те жетті. Олар таныс екен. «Қарындасқа тиіспеңдер, маған жол көрсетіп келе жатыр», - деді ол. Оқиға немен аяқталды дейсіз ғой. Әрі қарай үйге дейін мені әлгі мас жігіт шығарып салды. Үйге кірерде: «Түнде жалғыз жүрме»,- деп қояды.

 

***

Лифті жоқ жатақхананың тоғызыншы қабатында тұрамыз. Бір бөлмеде төрт қыз. Ақша жоқ. Студентпіз. Жейтініміз ауылдан келген сары май мен нан. Бірде түскі ас ішіп отырғанда, нан бітіп қалды. «Сен бар, мен бар» деп, ақыры мен баратын болдым. Әйтеуір, жүкен алыс емес болатын. Нан сатып алып тұрып, сыртымнан біреудің қарап тұрғанын сездім. Бұрылсам, әдеміше келген жігіт екен. Дүкеннің иесімен сөйлесіп тұр. Әңгімесіне қарағанда, осы дүкенге нан әкелетін наубайхана иесі екен. Байқаймын, мен оған бек ұнап тұрмын. Шыдамады.

-          Қарындас, біздің нан ұнай ма? Тағы қандай өнімдерімізді аласыз? – деп сұрады.

-          Иә, жақсы, бәрі жақсы, - деп, зып беріп, шығып кеттім.

Ол артымнан ере шықты. Жүрісімді жылдамдата түстім. Ол сөйлеп келеді. Танысқысы келетінін айтты. «Сіз сондай сұлусыз»,- деп қояды. Ал мен жерге кіріп кете жаздадым. Үстіме кигенім үйде жүретін қысқа шортым мен шолақ кеудеше. Тұратын үйімнің сиқы анау! Ол менің артымнан еріп, үйіме дейін келді. Мен бұрылмастан, үйге кірпі кеттім. Мен сол кезде ондай ауқатты адамның мен сияқты жалаң аяқ студентке қарамайды деп ойлайтынмын. Қазір, сол жігітке бір мүмкіндік берсем, қайтер еді деп ойлап қоямын.

Алия Жолболдина
Блогер

Я из поколения девушек, рожденных в 80-x

  • Мен танитын жезөкше
    Мектепте бірге оқып, бірге өскен құрбымның отбасы жағдайы нашар болатын. Содан болар, әпкесі тоғызыншы кластан кейін үлкен қалаға колледжге түсіп, кетіп қалды.
  • Мені үйге шығарып салған жан
  • Көңілдеске кім керек? Немесе не керек?
  • Жалғыздық ешкімге де жараспайды
  • Мүмкіндігі шектелмеген махаббат
  • Әйелдердің бас киімдері
Читать весь архив блогера

Комментарии (0)

    Написать комментарий

    Блоги Архив

    • Не бойтесь врачей

      Или в чем секрет настоящего доктора

      2018-03-27 11:03

    • Библиотеку не только за книжкой

      Когда вы в последний раз были в библиотеке? Как часто вы читаете книги? Как вы думаете, работать библиотекарем - это призвание или собственное решение, связанное с какой-либо необходимостью? Сегодня Динара Куанышбаева сходила в библиотеку и открыла для себя много интересного, с чем и делиться с вами.

      2018-02-22 22:02

    • Мен танитын жезөкше

      Мектепте бірге оқып, бірге өскен құрбымның отбасы жағдайы нашар болатын. Содан болар, әпкесі тоғызыншы кластан кейін үлкен қалаға колледжге түсіп, кетіп қалды.

      2018-01-24 17:01

    • Мені үйге шығарып салған жан

      Ең романтикалық кешім ең романтикалық емес жағдайда орын алды. Бірде жұмыстан жайырақ шықтым. Сағат түнгі тоғыз.

      2018-01-24 16:01

    • Ең жақсы сыйлық

      Мен үшін ең жақсы сыйлық

      2018-01-23 19:01

    • Есть такая профессия - директор школы

      Директор школы. Ни у кого жизнь не проходила без участия этого человека. В младших классах, они кажутся нам недосягаемыми, возвышенными, всемогущими волшебниками. Взрослея, мы понимаем, что директор школы тоже человек, который имеет семью, детей, бытовые проблемы. Но все равно, благодаря профессионализму директоров школ, мы сохраняем уважение к ним всю жизнь.

      2017-12-09 12:12

    • Как стать успешным ресторатором?

      Профессии бывают разные. Кто-то работает врачом, кто-то – учителем. Пока мы растем, мы выбираем себе профессию. Но не всегда мы работаем теми, на кого учимся в высшем учебном заведении. Некоторые люди после окончания учебы, находят себе другое занятие. Сегодня я была в гостях именно у такого человека. Я не уверена, что он в школьные годы мечтал стать ресторатором. Но стал. Да еще каким!

      2017-11-15 15:11

    • Трудно ли быть банкиром?

      Как стать банкиром? Вы когда-нибудь задумывались об этом? Лично я не особо. Казалось бы что тут такого? Деньги взял, деньги выдал, а себе оставил комисиию. Но ведь есть же и в этом деле свои секреты!

      2017-11-15 15:11

    Читать вeсь архив

      Маркет
    • Новости
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
    • Блоги
    • Афиша
    • Маркет
    • astro-prostor
    • Контакты

    Авторские права на все материалы, опубликованные на сайте принадлежит владельцу сайта ukdays.kz.
    Копирование, размещение в любых СМИ, в том числе и на интернет-сайтах, а также иное использование в исходном виде и в виде фрагментов материалов сайта ukdays.kz допускается только с письменного разрешения редакции.

    © 2016 - 2021