• Новости
    • Регион
    • Страна и мир
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
  • Блоги
  • astro-prostor
  • Афиша
  • Маркет
man style
woman day
wow
traditional

Баланы еркелету керек пе?

Бала тәрбиелегіш ата-аналар болады ғой. Кеше біреуін кездестірдім. Төрттердегі бүлдіршін қызын жетектеп кетіп барады екен. Мен оларға жете бергенде, олар  тұрған орындарынан жылжымай қалды.  Мен оларға соғылып қала жаздадым да, айналып өте беріп едім, әлгі әйел маған бір қарады да, қызына ұрса бастады. «Көше ортасында кісілерге «мешайт» етіп тұруға болмайды деп айттым емес пе мен саған! Неше рет айтуға болады!» деп қызын жұлқылай бастады. Сондағысы, қызы бірдеңе жеп келеді екен. Соны бір тістеу үшін тұрып қалған болуы керек.  Қатты қысылдым.  Бүлдіршін бала мен үшін ұрыс естіді-ау! Бірақ бір жағынан қарасаң, мұндай ұсақ-түйекке ұрсысатын анасы, басқа  істері үшін мүлде күн көрсетпейтін болар. Ондайлар көп қой. Баласына  ештеңені айтып түсіндірместен, жатып кеп айқайлап жататындарды жиі көремін. Көрген сайын, ішің ашиды. 

Түнеугүні мынандай жайт болды. Туысқанымның баласы ауырып, басқа ешкімнің қолы тимеген соң, балалар ауруханасына мен апардым. Бізді  түпкі бөлмеде хирург дәрігер қарап жатыр. Ал ауыз бөлмеде екі жасар қызы бар келішек тұр. Әлгі бөбек әлденеге анасының қолынан тартып, шырқырап жылап тұр. Бір жерде отырып, жалықты, білем. Бала жылағанда  бізді қарап жатқан хирург өз  сөзі өзі естімейді. Ал ана келіншек болса, қақшиып қатып тұрып алды. Анда-санда: «Айттым ғой мен саған, бармаймыз! Осы жерде тұр!» деп айқайлайды. Оны 2 жасар бала ұға ма?! Бала жылағанын қояр емес, келіншек сазырайып ол тұрып алды. Өзінше баласын тәрбиелеп тұрғаны. Тұп-тура 20 минут жылады. Тағы жылаған шығар, біз кетіп қалдық.

Мамам: «Бала жылағанда алдымен назарын басқа нәрсеге аударып жіберу керек. Шырқыратып жылатып қоймау керек, тәрбие деген ол емес!»- деп айтып отырады.  Ал менің айтайын дегенім, құрметті ата-аналар, балаларыңды жылатып қоймаңдаршы!   Экзюперидің: «Балаларды міндетті түрде еркелету керек. Кім білсін, оларды алдында не күтіп тұрғанын!» деген сөзіне қатты келісемін.  Оған қоса, үйде өз ата-анасы сүймеген баланы сырттағы ел қайдан жақсы көрсін! Баланың алды ашық, болашағы бақытты болу үшін, оны ақшамен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оларды жақсы көріп, еркелету керек!

Блог редактора - Аяужан Ашимова
Блогер

О  себе: Люблю жизнь и делюсь позитивом!
Инстаграм: ashimova01

  • Баланы еркелету керек пе?
Читать весь архив блогера

Комментарии (0)

    Написать комментарий

    Блоги Архив

    • Не бойтесь врачей

      Или в чем секрет настоящего доктора

      2018-03-27 11:03

    • Библиотеку не только за книжкой

      Когда вы в последний раз были в библиотеке? Как часто вы читаете книги? Как вы думаете, работать библиотекарем - это призвание или собственное решение, связанное с какой-либо необходимостью? Сегодня Динара Куанышбаева сходила в библиотеку и открыла для себя много интересного, с чем и делиться с вами.

      2018-02-22 22:02

    • Мен танитын жезөкше

      Мектепте бірге оқып, бірге өскен құрбымның отбасы жағдайы нашар болатын. Содан болар, әпкесі тоғызыншы кластан кейін үлкен қалаға колледжге түсіп, кетіп қалды.

      2018-01-24 17:01

    • Мені үйге шығарып салған жан

      Ең романтикалық кешім ең романтикалық емес жағдайда орын алды. Бірде жұмыстан жайырақ шықтым. Сағат түнгі тоғыз.

      2018-01-24 16:01

    • Ең жақсы сыйлық

      Мен үшін ең жақсы сыйлық

      2018-01-23 19:01

    • Есть такая профессия - директор школы

      Директор школы. Ни у кого жизнь не проходила без участия этого человека. В младших классах, они кажутся нам недосягаемыми, возвышенными, всемогущими волшебниками. Взрослея, мы понимаем, что директор школы тоже человек, который имеет семью, детей, бытовые проблемы. Но все равно, благодаря профессионализму директоров школ, мы сохраняем уважение к ним всю жизнь.

      2017-12-09 12:12

    • Как стать успешным ресторатором?

      Профессии бывают разные. Кто-то работает врачом, кто-то – учителем. Пока мы растем, мы выбираем себе профессию. Но не всегда мы работаем теми, на кого учимся в высшем учебном заведении. Некоторые люди после окончания учебы, находят себе другое занятие. Сегодня я была в гостях именно у такого человека. Я не уверена, что он в школьные годы мечтал стать ресторатором. Но стал. Да еще каким!

      2017-11-15 15:11

    • Трудно ли быть банкиром?

      Как стать банкиром? Вы когда-нибудь задумывались об этом? Лично я не особо. Казалось бы что тут такого? Деньги взял, деньги выдал, а себе оставил комисиию. Но ведь есть же и в этом деле свои секреты!

      2017-11-15 15:11

    Читать вeсь архив

      Маркет
    • Новости
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
    • Блоги
    • Афиша
    • Маркет
    • astro-prostor
    • Контакты

    Авторские права на все материалы, опубликованные на сайте принадлежит владельцу сайта ukdays.kz.
    Копирование, размещение в любых СМИ, в том числе и на интернет-сайтах, а также иное использование в исходном виде и в виде фрагментов материалов сайта ukdays.kz допускается только с письменного разрешения редакции.

    © 2016 - 2021