• Новости
    • Регион
    • Страна и мир
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
  • Блоги
  • astro-prostor
  • Афиша
  • Маркет
    Кино
    Театр
    Выставки
    Концерты

Қазақ халық қолөнерінің мерекесі

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде V аймақтық «Қазақ халық қолөнерінің мерекесі» фестивалі болды. Биылғы жылы ол  «Рухани жаңғыру» ұлттық сана-сезімін жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілді. 

Осы іс-шараның негізі дәстүрге сай, отбасылық Семей аймағының  қолөнершілері мен зергерлерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі болды. Көрменің негізін Семей, Өскемен, Шар (Жарма ауданы) қалаларының және Шульбинск, Новобаженово кенттерінің, Малая Владимировка (Бесқарағай ауданы) және Ақсуат (Тарбағатай ауданы) ауылдарының кәсіби және әуесқой шеберлерінің шығармалары құрады. Олар киізден, ағаштан, былғарыдан, металлдан жасалған әйел адамға арналған әшекей бұйымдары, ұлттық музыка аспаптары, үйге арналған жабдықтар мен кәдесыйлар болды.  Биылғы жылы біздің көз қуанышымызға айналған  Айман Бөқпасарованың басшылығымен қаламыздың «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының шеберлерінің бұйымдары ерекше қуантты. Наталья Ратушнова, Маржан Орымбаева, Евгения Ревинаның тұрақты басшылығымен «Семей» колледжінің студенттік ұжымының көрмеге қатысуы өте жарқын, әрі көлемді болды. Қала мектептерінің технология пәнінің оқытушыларының белсенді қатысуы қуантты.

    Көрмеге 70-тен астам автордың 280 туындылары ұсынылды. Әрине, жеңімпаздар әдеттегідей ең жарқын және айырықша шығармалары үшін қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Фестивалдің демеушісі еліміздің ең ірі сауда орталығы Алматы  АПОРТ молл болды.

Биыл фестивалдің ерекше қонақтары - Алматылық гобелен суретшілері, Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Малик Муканов пен Бауыржан Досжанов болды. 
Екі шебер де - Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының оқытушылары.  Малик Флоберович – өнертану тарихында докторлық дәрежеге ие. 
Екеуі де республикалық  және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушылары.

	Фестиваль бағдарламасы аясына Семей аймағының шеберлерінің қазақ сәндік-қолөнерлерінен өзге тағы екі экспозиция кірді. Мерекені көркемдей түскен Алматылық қонақтарымыздың  көркем тоқыма туындылары  (гобелендер) және қазақ ұлттық тақырыбындағы  Ольга Феденеваның авторлық қуыршақтар көрмесі болды. Бұлардан бөлек фестиваль қонақтарына Әмре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясынан халықаралық және республикалық музыкалық сайыстың  лауреаты  Сералы Мухамедсадыковтың басшылығымен  қазақ халық музыкасының концерті және «Айша бибі» ( Нүрзия Ташимова, Сейлбег Асхан, және Гульмира Айғожина) қазақ мәдени орталығының киіз басу және кестелеу шеберлерінің шеберлік-класстары ұйымдастырылды. Қазақи  қонақжайлылықтың  дәстүрлі  мерекелік дастарханы қонақтарға жағымды әсерде толыға түсуімен  қатар, №6 гимназия оқушыларымен музей қызметкерлерінің өткізген  «Дәстүр мен шығармашылықтың үйлесімі» атты балаларға арналған танымдық ойын бағдарламасы болып өтті. Сонымен бірге, өз шеберлігі құпияларымен  бөліскен   гобелен суретшісі Малик Мұқановпен екі күн бойына «Семей колледжі және Шәкәрім атындағы университетінің студенттерімен шығармашылық кездесу болды. 

            Жоба бірнеше жылға жоспарланған. Осы іспеттес көрмелер мен мастер класстар, жергілікті шеберлердің дәрежесін тезірек жоғарылата отырып, дәстүрдің жаңаша түрде дамуына септігін тигізеді деген үміттеміз.

Афиша Архив

  • КИНОТЕАТР "ЭХО"

    2018-07-18 14:07

  • 30 мая 2018 года в музее прошла презентация каталога: «Художники города Семей. XIX-XXI вв»

    Это итог многолетней исследовательской работы сотрудников музея. Книга содержит информацию о художественной жизни города с конца ХIХ до наших дней, содержит информацию о художниках, знакомит с их жизнью и творчеством. В книгу вошел полный каталожный список произведений местных художников, хранящихся в фондах ВКО музея изобразительных искусств им. семьи Невзоровых. Издание богато иллюстрировано. Материал дает возможность проследить пути становления и развития изобразительного искусства в городе Семей.

    2018-06-04 07:06

  • Ночь в музее Невзоровых

    Тема: «ЛЮБИМЫЙ ГОРОД»

    2018-05-17 16:05

  • Праздник казахских народных ремесел

    В музее изобразительных искусств имени семьи Невзоровых состоялся V Региональный фестиваль «Праздник казахских народных ремесел». В этом году он прошел в рамках программы по модернизации национального сознания «Рухани жаңғыру».

    2018-04-12 14:04

  • Қазақ халық қолөнерінің мерекесі

    Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде V аймақтық «Қазақ халық қолөнерінің мерекесі» фестивалі болды. Биылғы жылы ол «Рухани жаңғыру» ұлттық сана-сезімін жаңғырту бағдарламасы аясында өткізілді.

    2018-04-12 11:04

  • Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнер музейі V аймақтық «Қазақ ұлттық қол өнері мерекесі» Фестиваліінің ашылуы туралы жариялайды

    Фестиваль 7 сәуір, сағ.14.00-де ашылады. Фестиваль миссиясы — қазақ халық сәндік-қолданбалы өнерінің ұлттық қолөнер дәстүрлі нысандарын сақтау және дамыту, сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерді қайта ойластыру, халықтық өнер рухы мен колоритын сақтайтын авторлық бұйымдардың заманға сай жаңа шешімдерін іздеу.

    2018-04-02 14:04

  • Образ женщины в изобразительном искусстве

    6 марта в ВКО музее изобразительных искусств им.семьи Невзоровых открылась новая выставка «Образ женщины в изобразительном искусстве» из фондов музея, посвященная празднованию Международного Женского дня. Представлено более 40 произведений живописи и графики казахстанских художников 70-90-х годов XX века.

    2018-03-17 14:03

  • Бейнелеу өнеріндегі әйел образы

    6 наурызда Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Халықаралық Әйелдер күніне арналған музей қорындағы картиналардан «Бейнелеу өнеріндегі әйел образы» құрылған жаңа көрме ашылды. XX ғасыр 70-90-шы жылдар суретшілерінің 40 көркем кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылды.

    2018-03-17 14:03

Читать вeсь архив

    Маркет
  • Новости
  • Фоторепортаж
  • Видеоинтервью
  • Блоги
  • Афиша
  • Маркет
  • astro-prostor
  • Контакты

Авторские права на все материалы, опубликованные на сайте принадлежит владельцу сайта ukdays.kz.
Копирование, размещение в любых СМИ, в том числе и на интернет-сайтах, а также иное использование в исходном виде и в виде фрагментов материалов сайта ukdays.kz допускается только с письменного разрешения редакции.

© 2016 - 2021