Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы 2018 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 1 ай. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2018 жылғы 14-15 сәуір аралығында өтеді.   Оқу 2018 жылғы  16 сәуірден 15 мамыр аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87232702952 байланыс телефонына хабарласып, Өскемен қаласы, пр. Победы, 6. 17 каб. кеңес алуға болады. 

Комментарии (0)