Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жаңа білім шаңырағы №6 орта мектепте оқып жатқан оқушыларға қуанышты жаңалық болды. Себебі, мұндағы бала саны тиісті нормадан екі есе көп.

Жарты ғасырда талай зыряндық түлеп ұшқан №6 орта мектеп бүгінде қаладағы қара шаңырақтың бірі. Алайда 620 оқушыға арналған оқу орнында қазіргі таңда 1000 тарта бала білім алады.

– Қалаға жаңа мектеп керек. Сондықтан 600 орындық білім шаңырағының құрылысы басталатынын айтамын. Аудан әкімі тезірек іске кіріссе, сметасын жасаса, облыс тек қолдайды, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

"Менің мектебім" жобасы аясында бүгінде №6 орта мектепте жаңа модификация кабинеттері, яғни, робот теxникасы, xимия, физика сыныптары жабдықталу үстінде.  

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Комментарии (0)