ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бейнелеу өнеріндегі Шәкәрім бейнесі» тақырыбында дәріс өтті.

          Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің көркем-графика факультетінің студенттеріне ұлы ақын-ойшылға суретшілердің, мүсіншілердің көзімен қарауға мүмкіндік туды.  Музей кітапханашысы Р. С. Мұхамедова көркем, графикалық, әдеби материалдарды дайындады.

          Шәкәрім тағдырының трагедиясы, оның есімін ақталғаннан кейін де ұмыту,  суретшілердің 70-80 жылдары ғана оның бейнесіне бет бұру себеп болды.   1988 жылы Семей суретшісі Тамара Кузнецова, алғашқылардың бірі, үлкен психологиямен ерекшеленетін Шәкәрімнің көркем портреттерін жасайды.   

        Абайдың 150 жылдығы қарсаңында суретші-график, профессор Н. Н. Өтепбаев Абайға арналған жұмыстар циклын құрып, оның ішінде Шәкәрім портретін тамаша суреттейді. Содан бері Н. Н. Өтепбаев әр түрлі техникаларда: қарындаш, тушь, қалам, гуашьпен жұмыс істей жүріп, Шәкәрім бейнесіне бірнеше рет қайтып келеді. Нұрбұлан Нұғыманұлы портретте ойшыл, философтың шынайы бейнесін ашады. 

        Шәкәрім бейнесін жарыққа шығаруға медицина ғылымдарының докторы, профессор және табиғатынан бейнелеу өнеріне бейім суретші М. Т. Әлиақпаров үлес қосты. Ол Шәкәрімнің өмір жолына өзіндік түсіндірмесін құрайды: ақынның портреттері, «Абай және Шәкәрім», «Ғақлия», «Мұтылған», «Шәкәрімнің қайта жерленуі» атты картиналары - ешкімді бей-жай қалдырмайды.

          Студенттер Шәкәрім жайлы көп қызықты мәлімет алды. Оның әкенің шығармашылық мұрасын сақтаудағы рөлі, Шәкәрімнің бірегей суреттері туралы көп айтылды.  Ахат Құдайбердиевтің  портреттері және оның әкесінің шығармашылық мұрасын сақтаудағы рөлі, Шәкәрімнің бірегей суреттері туралы көп айтылды.

          Музей қызметкерлері Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының әріптестеріне  ұсынылған материалдар мен фотоқұжаттар үшін алғыс айтады.    

Комментарии (0)