ШҚМУ-дың «Рухани Жаңғыру» орталығында университет ғалымдары монографияларының тұсаукесері өтті, аталмыш сериялар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында басылған. 

Іс-шараны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген кіріспе сөзбен ашты. Оның айтуынша, монографиялар – тарих, топонимика, археология, педагогика, экономика, әлеуметтану, биология саласындағы маңызды зерттеулер.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Краснобаева «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының ғылыми ілеспесі – ШҚМУ ғалымдарының монографиялары пайда болып отырғанын атап өтті. ШҚМУ ректоры аталмыш ғылыми еңбектерді «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесіне табыс етті.

Монография авторлары – Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының профессоры Надежда Завалко, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Раушан Нұрбекова, Экономика және құқық факультетінің деканы Ардақ Мұхамедиева, Биология кафедрасының оқытушысы Жамал Игісінова, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Бердібек Бияров өз жұмыстары туралы айтты.

ШҚМУ ректоры «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлес қосқан адамдарға алғыс хаттар табыстады, олар – облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Краснобаева, «Шығыс ақпарат» ЖШС директоры С. Жеңісов, «Рудный Алтай» облыстық газетінің редакторы О. Шабалина, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі А. Жанбосынова.

 

 «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ монографияларының тізімі:

  1. Завалко Н.А., Сахариева С.Г., Стеблецова И.С., Қасымханова Ж.Е. «Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтар кәсібилігін дамыту үрдісін басқару»;
  2. Завалко Н.А.,  Ровнякова И.В., Сахариева С.Г., Радченко Н.Н. «ЖОО білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді дамыту»;
  3. Яновская О.А., Есімжанова С.Р., Қойшинова Г.К., Асубаева А.С. «Қазақстандағы туристік нарықтың даму мәселелері: теория, әдістеме және іс-тәжірибе»;
  4. Кайгородцев А.А., Ситникова Е.С. «Қазақстандағы білім экономикасының қалыптасу мәселесі: теория, әдістеме, іс-тәжірибе»;
  5. Абылайханова Т.А., Галяпина Г.В. «Қазақстанның экономикалық жаңғыруы: мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы»;
  6. Мұхамедиева А.Г. «Жоғары білім саласын тиімді дамыту»;
  7. Ровнякова И.В. «Кәсіби білім беру жүйесіндегі тәрбие қызметінің теориясы және іс-тәжірибесі»;
  8. Әубәкірова Ж.С. «Қазақстанның демографиялық жерсіндірілуі»;
  9. Игісінова Ж.Т. «Алтай өңірінің Delphinium L. және Aconitum L. түрлері»;
  10. Нұрбекова Р.К. «ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі жергілікті кеңестердің тарихы»;
  11. Nurgaliyeva S.A. «Global trends in education:  comparing Japanese and Korean education»;
  12. Прокопов К.П. «Шығыс Қазақстанның балықтары»;
  13. «Әлеуметтік-демографиялық және этноконфессиялық факторлар жаңғырудың шарттары ретінде» ұжымдық монографиясы.
  14. Ислямов А. «Шығыс Қазақстанның топонимикасы».

С. Аманжолов  атындағы  ШҚМУ баспасөз қызметі 

Комментарии (0)