Шығыс өңірінің халқы  наурыздың 14-ін «торғай су ішетін» Әбдекей (Евдокия) күні деп атап өту дәстүрге айналған-тын. «Көрісу»  деген ұғым Шығыс, Оңтүстік және еліміздің басқа да бірқатар аймақтарында    жақындарының бірі қайтыс болған кезде жылап-көрісу дегенді білдіреді.  Ал жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары ҰБатыс Қазақстан жақ)  14 наурызды «Көрісу күні» деп те атайды.

Көрісу күні адамдар амандасып, бір-біріне игі тілек  айтады. Бұл күн қыстың аяқталып, жаңа жылдың келгенін білдіреді.  Жұрт  мал-басын түгендеп, тағы бір қыстың артта қалғанына мәре-сәре болып, Наурыз мейрамына  дайындала бастайды. 

Көрісу күні  әр үйде ет асылып, тәтті-дәмді тағам әзірленіп, жұрт бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Жасы үлкен туған-туысқандардың үйіне алдымен барып, сәлемдесу керек. Әсіресе үлкен  әпкелерінің үйіне бару керек деп есептеледі.

Комментарии (0)