Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері  музейінде Атырау облыстық  көркем өнер және сәндік-қолданбалы өнер музейі қорларынан көшпелі көрме ашылды.  Көрме музейдің 25-жылдығына және атақты қазақстандық шебер, Шаймардан Сариевтің туғанына  80-жыл толуына арналған,  2005 жылы музейге оның есімі берілген.

Шаймардан Сариев суретшілер-алпысыншылар саңлақтары  қатарына жатады. Осы бағыттағы шеберлер академиялық және идеологиялық қағиданы ұстануды қаламаған, олар көркемөнер  мектебінің  ұлттық  принциптерін   құруға тырысқан. 

Өз халқының салт-дәстүріне сүйене және постимпрессионисттердің көркемдік жүйесін пайдалана отыра,  Сариев кілемнің  ою-өрнегі тәріздес жарқын суреттер сала бастайды.

Суретші,  "мен  бояуларды қазақша үйлестіремін"  - деп айтқандай,  асқан талантпен және қатты ынтызар күшке ие  еді. Тағдыр қиыншылықтарына, шығармашылық және жеке өміріндегі көтерілулер мен құлауларға қарамастан,  Сариев шығармашылыққа деген қабілетін жоғалтпады. Оның қылқалам астынан шыққан жанрлық суреттерде, біз ірі пландағы тау көрінісінде  және  кең-байтақ  далада бейнеленген қазақ жерінің алып, әдемі балаларын көре аламыз. Туған елінің  қызғын бояулары оның қылқалам туындыларындағы ашық қанық түстермен берілген.

Шебер түрлі жанрлық суреттер мен пейзаждар салған, алайда оның басты тықырыбы – адам болды. Көрмеге қойылған туындылардың тең жартысы  - Шаймардан Сариевбен жазылған портреттер. «Әйелімнің портреті», «Нұрдаулет ұлымның портреті», «Немерем Мадико», «Көрші портреті» және т.б. Бұл бейнелер оның туыстары, достары мен таныстары.  Мүмкін, сондықтан, бұл суреттер ерекше энергетикаға толы.

Сариевтің жұмыстарымен қатар көрмеде Атыраудың қазіргі танымал, белсенді суретшілерінің қылқалам туындылары қойылған.  Олар, КамиАйтқалиев –суретші-график, кескіндемеші, монументалист,  ҚР СО мүшесі;Қамбарбек Аманов –Атырау облыстық өнер музейінің балалар көркемсурет студиясының педагогы, КСРО СО мүшесі және Қазақстан суретшілер Одағының Атырау филиалының төрағасы; Абай Айтмағамбетов - Атырауоблыстық суретшілер басқармасының төрағасы; Жоламан Аралбаев –ҚР СО мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері; Айсы Отаралиев – ҚР СО мүшесі және Х. Досмұхамедов атындағы АМУ оқытушысы; Кабдол Досниязов  - ҚР СО мүшесі; Камила Жапалова - кескіндемеші, дизайнер, ҚР СО мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері; Тлек Халин - кескіндемеші, ақын, ҚР СО мүшесі және т.б. Олардың жұмыстары туған жер мен ұлттық дәстүрге арналған.

Экспозиция залдарында кескіндемешілерден басқа Атыраулық сәндік- қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен танысуға болады. Олар: АйыпқалиевКенес, Қалиев Нұрсүлтан, Аманат Назаркұл, Есназарова Перизат.

Көрме ашылуы салтанатына Атырау музейінің директоры Толеген Орынбасарұлы, директор орынбасары  Ж.К. Аманиязов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Шарова,  қала прокуроры  М.Т. Турубаев, сондай-ақ суретшілер, студенттер және музей  достары қатысты.

Комментарии (0)