• Новости
    • Регион
    • Страна и мир
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
  • Блоги
  • astro-prostor
  • Афиша
  • Маркет
man style
woman day
wow
traditional

Қайда бақыт? 

Таңғы алты болғанда ұялы телефоны безілдеп қоя берді. Ешкім емес, оятқышы болатын. Көзін тырнап ашып, аяғын сылбыр басып, жуынатын бөлмеген беттегенде де әлі ояна қоймады. Бала күніндегі анасының «Ұйқы – жау, оны жеңе білмесең, ешкімді жеңбейсің»  деп айтатыны есіне түсті. Өзін маубас, ұяқысын да жеңе алмайтын әлсіз бейбақ сезінді. 

Үй-іші тұрып, шәйін ішкен соң, көлігін қыздырып, балаларды мектепке алып кетті. Жол бойы сабасына бір түсе алмады. Елдің су-жаңа көліктері  жып-жып етіп, басып озып жатқанда, өзінің шарқыш «опелін» бір сыбап алды. Бұлғаң етіп алдына шыққан қара «тайотаның» тежегішті басқанда қызара қоятын артына қарап отырып, артына кіріп кете жаздады. «Осы жұрт ақшаны қайдан алады?» деп ойлап қояды. «Әкесс... права мен үлкен көлікті сатып алады да, жүре алмай жүреді» деп бір боқтанды. Іштей өзін отыз жетіге келгенше дұрыс көлік те сатып ала алмайтын бақытсыз адам сезінді. «Папа, мені мектептің тура алдына апармай-ақ қойшы!» дейтін үлкен қызының сөзі есіне түсті. Ескі көліктен шығып келе жатуға ұялады да.

Жұмысқа кіре салысымен6 бастығы «маған кіріп кетші» деп телефон шалды. Іші қылп ете қалды. Алдыңғы күні кешкісін үйіне асығып, хатты дұрыс жазбай кетіп еді. Шынын айтқанда қанша ойланса да жаза алмады. Тілі жетпеді. Әлде ойы жетпеді. Көрші кабинеттегі Ерлан болса, әп-сәтте қатырып жаза қояды. Кезінде орысша оқыса ғой, шіркін! Бәлкім, бұл да бір хатты үш сағат созбай, жарты сағатта жаза алушы еді. Әлде сабақты дұрыс оқымаған соң ба... Бастығы өзінен он жас кіші жас бала. Жер-жебіріне жетпесе де, «осыны да істей алмайсың ба» деген көзқараспен қарағанда, өзін қояр жер таппайды. Бүгін де солай болды. Өзінің жұмыс орнына отырған соң сабасына түсу үшін жұмысқа бірден кіріспей, интернет дүкендерді біраз қарады. 

Түс де болып қалыпты. Асханада әріптестерінің қасына көжесін алып, бұл да келді. «Аға, алдыңызға тағы тамызып алдыңыз!» деп Айнұр сыңғырлай күлгенде, «Қап, әкең!» дегеннен басқа амалы қалмады. Соңғы уақытта қозы қарны томпиып, денесі босап кеткен. Спортпен айналыспайды, кешкісін сыралатып алады, оның үстіне үнемі жүйкесі жұқарып, соны басу үшін тамақты мөлшерден тыс ішіп қояды. Қайтсын енді. Қарнына тамған қызыл көженің ізін көріп, қолындағы қасығы да, қолы да ауырлап кеткендей сезінді. Сұрықсыз, семіз еркек болды. Кезіндегідей көзі де жайнап тұрған жоқ, аяғын да ауыр басады. Артық салмақ. 

Түстен кейін бұлардың кабинетіне есепші келіншек келіп, жақұт  сырғасын көрсетіп кетті. Күйеуі алып беріпті. Еш себепсіз. Жәй, әшейін. Сүйетін болуы керек. «Осы елдің қатындары киері норка тон, қолы алтынға толы, құлақта – бриллиант!» деп келіншегінің күрсінетін кездері есіне түсті.  Он сегіз жыл тұрғанда әйеліне үйлену тойында таққан жүзік пен бір 8-мартта құлағына алтын сырға тағып еді. Одан басқа сыйлық әпермепті. Қайдан әперсін. Жалақы алатын карточкасы келіншегінде. Кешкісін таксилетіп тапқанын да соған алып келеді. Сонда бір жетпейді-ау. 

Күні бойы бірінен кейін бірі мазалаған ауыр ой кешке бірақ тарқады. Күндегі әдетінше, бұл диванға шалқасынан жата кетеді. Ал үш баласы үш жақтан келіп, үстіне секіріп, қойнына кіріп, беті-аузын жұлмалап, есін шығарады. Бірақ осы сәт ол үшін бәрінен де ыстық. Жұмыстағы айқай да, ескі көлік те, ақшаның жетпейтіні де ұмыт болады. Оның үстіне бүгін кенже ұлы үстіне шығып алып, қарнынан түйгіштеп отырып: «Әке, өскенде мен сен сияқты боламын! Сен ең күшті батырсың!» деді. Бұл ыржалақтап күліп, келіншегіне қарайды. «Көрдің бе, мен соншалықты бейшара емес екенмін! Ұлым мені батыр санайды!» деп қарады. Келіншегі үнсіз түсініп, жақындап келіп, шашын ұйпалады. 

«Осыдан бәлем, 8-март болсын, бір жүзік алып бермесем! Әнуар айтқан қосымша жұмысты алсам, жап-жақсы табыс болғалы тұр. Кешке сыралатқанша, қосымша жұмыспен айналысуға болады. Темекіні де қойсам, тіпті ақшаға үнем болар еді» деп ойлады іштей. 

Амир Бек
Блогер

 Амир Бек не только профессиональный блогер, которого всегда интересно читать, но также спортсмен, писатель,  художник, отец и муж в одном лице. 

  • Қайда бақыт? 
  • Бала үшін отбасын сақтап қалу қажет пе?
  • Сырты ғана бүтін отбасылар
  • Қайталауға тұрмайтын қателіктер
  • Каждый должен знать это
  • Кәріліктің келгенін қалай білуге болады
  • Красное или белое?
  • Жаным, сен жақында әке боласың!
  • Тойламасаң – тойлама, Сыйлық сыйлау – міндетің!
  • Қар адамы деген осы болуы керек
Читать весь архив блогера

Комментарии (0)

    Написать комментарий

    Блоги Архив

    • Не бойтесь врачей

      Или в чем секрет настоящего доктора

      2018-03-27 11:03

    • Библиотеку не только за книжкой

      Когда вы в последний раз были в библиотеке? Как часто вы читаете книги? Как вы думаете, работать библиотекарем - это призвание или собственное решение, связанное с какой-либо необходимостью? Сегодня Динара Куанышбаева сходила в библиотеку и открыла для себя много интересного, с чем и делиться с вами.

      2018-02-22 22:02

    • Мен танитын жезөкше

      Мектепте бірге оқып, бірге өскен құрбымның отбасы жағдайы нашар болатын. Содан болар, әпкесі тоғызыншы кластан кейін үлкен қалаға колледжге түсіп, кетіп қалды.

      2018-01-24 17:01

    • Мені үйге шығарып салған жан

      Ең романтикалық кешім ең романтикалық емес жағдайда орын алды. Бірде жұмыстан жайырақ шықтым. Сағат түнгі тоғыз.

      2018-01-24 16:01

    • Ең жақсы сыйлық

      Мен үшін ең жақсы сыйлық

      2018-01-23 19:01

    • Есть такая профессия - директор школы

      Директор школы. Ни у кого жизнь не проходила без участия этого человека. В младших классах, они кажутся нам недосягаемыми, возвышенными, всемогущими волшебниками. Взрослея, мы понимаем, что директор школы тоже человек, который имеет семью, детей, бытовые проблемы. Но все равно, благодаря профессионализму директоров школ, мы сохраняем уважение к ним всю жизнь.

      2017-12-09 12:12

    • Как стать успешным ресторатором?

      Профессии бывают разные. Кто-то работает врачом, кто-то – учителем. Пока мы растем, мы выбираем себе профессию. Но не всегда мы работаем теми, на кого учимся в высшем учебном заведении. Некоторые люди после окончания учебы, находят себе другое занятие. Сегодня я была в гостях именно у такого человека. Я не уверена, что он в школьные годы мечтал стать ресторатором. Но стал. Да еще каким!

      2017-11-15 15:11

    • Трудно ли быть банкиром?

      Как стать банкиром? Вы когда-нибудь задумывались об этом? Лично я не особо. Казалось бы что тут такого? Деньги взял, деньги выдал, а себе оставил комисиию. Но ведь есть же и в этом деле свои секреты!

      2017-11-15 15:11

    Читать вeсь архив

      Маркет
    • Новости
    • Фоторепортаж
    • Видеоинтервью
    • Блоги
    • Афиша
    • Маркет
    • astro-prostor
    • Контакты

    Авторские права на все материалы, опубликованные на сайте принадлежит владельцу сайта ukdays.kz.
    Копирование, размещение в любых СМИ, в том числе и на интернет-сайтах, а также иное использование в исходном виде и в виде фрагментов материалов сайта ukdays.kz допускается только с письменного разрешения редакции.

    © 2016 - 2019