Әдемі көйлегімді, басыма шляпа киіп кетіп бара жатсам, әлдебір ер адам менен «Сіз жапон қызысыз ба?» деп сұрады. «Қазақ қызы мұндай әдемі бола алмайды деп ойлайсыз ба?» деп жауап қаттым мен.

Шындығында, жапон қыздары туралы нәзік, әрі әдемі деген пікір қалыптасқан. Және ондай пікірдің қалыптасуына гейшалардың әсері аз емес деп ойлаймын.

Назарларыңызға гейшалардың кейбір құпияларын ұсынамыз. Біле жүріңіздер.

1. Қаламасаң - істеме.

Гейшалардың дәстүрлі киімінің жеңіл жүрісті әйелдердің киімінен бір айырмашылығы – белбеуі артына қарай байланады. Яғни, жеңіл жүрісті әйелді шешіндіру қаншалықты оңай болса, гейшаның киімін шешу соншалықты күрделі, әрі уақыт талап етеді. Гейшалар, өздері қаламаған жағдайда ер адамдармен көңіл қоспаған. Ал өздеріне ұнаған ер адамның киім шешу сәтінен бастап елітіп әкететін қылықтарымен басын айналдырған.

2. Ер адамды үнемі таң қалдырып отыру керек.

Гейшалар  ер адаммен кездесер алдында, оның қызығушылықтары туралы біліп, ақпарат жинаған. Мәселен, ол  футболды жақсы көріп, қараса, сіз де футбол туралы хабардар болуыңыз керек. Махаббат жағына да гейшалар ерекше дайындық жасаған. Олардың ер адамға дене мүшелерін тигізудің ондаған техникасы бар.  Сондай-ақ сүйіс түрлерінің көптігі таң қалдырады. Мәселен, кірпіктермен ер адамның бетін қытықтау рәсімі – «көбелек сүйісі» деп аталады.  

3. Эротикалық сылап-сипау шебері болыңыз.

Гейшалар ер адамның тән ләззатын неғұрлым ұзақ созуға ұмтылған. Бұл ретте эротикалық сылап-сипау көмектеседі. Оның үстіне массаж уақытында әңгіме толықтай тоқтатылып, ер адамның толық рахаттануына көңіл бөлінеді. Тағы бір құпиясы – ер адамның жыныс мүшесіне ең соңғы кезекте ғана қол тигізеді.

4. Ұсақ-түйек деген болмайды.

Гейшалардың киімі ашық-шашық емес, керісінше, мейлінше қымталған. Байқасаңыз, олардың тек мойны мен қолы ғана ашық. Өзіңіз байқап көрсеңіз, ашық-шашық жүрген қыздардан гөрі, сымбаттылығын көрсететін жабық киім киген қыздар  ер адамның көңілін көбірек қытықтайды.  Ер адамның көне инстинкті аса күшті екенін осыдан байқауға болады.  Қимыл-қозғалысында жайлылық басым, мүлде асықпайды.

5. Қатты дыбыс шығармау

Тіпті төсек қатынасы кезінде гейшалар дыбыс шығармай, барлық эмоциясын денесі арқылы білдіреді. Әрине, небір дыбыс шығару аса қиын емес. Бірақ шын ләззаттың деңгейін дене қозғалысы арқылы білдірудің жөні бір бөлек.

6. Бұлшықеттерді жаттықтыру керек

ХХ ғасырда Арнольд Кегель жыныс бұлшықеттерін жаттықтыру туралы еңбегімен әйгілі болса, жапон гейшалары бұл құпияны бұрыннан білген екен. Бұл жаттығулар әйелдің жыныс мүшелерінің саулығына ғана жауап бермейді, сонымен қатар ер адамға ұмытылмас ләззат сыйлайтын дағдыларды жетілдіреді.

Комментарии (0)